Құжаттама / Жариялау

Ойынды жариялауға дайындау

SAQA статикалық HTML5 билдтерін іске қосады. Бастапқы кодты емес, build құралынан шыққан дайын файлдарды архивтеп жүктеу керек.

1. Дұрыс build қалтасын таңдаңыз

Архивтің түбірінде index.html болуы керек. Егер ZIP ішінде жалғыз түбір қалта болса, платформа оны автоматты түрде ашады.

ҚұралBuild әрекетіZIP ішіне салынатын қалта
Vite (React, Vue, Svelte)npm run builddist/
Next.jsoutput: "export" + next buildout/
UnityBuild Settings → WebGL → BuildWebGL build қалтасы
GodotProject → Export → Webэкспорт қалтасы
Construct / GDevelopExport → HTML5экспорт қалтасы
Phaser / таза JSжобаға байланыстыindex.html бар қалта
Next.js: кәдімгі next build Node серверін қажет етеді. SAQA үшін output: "export" қосып, out/қалтасын жүктеңіз. API routes, SSR және server actions статикалық экспортта жұмыс істемейді.

2. Архив талаптарын тексеріңіз

ZIP өлшемі

200 МБ дейін

Тарқатылған өлшем

512 МБ дейін

Файл саны

20 000 дейін

Бастапқы файл

index.html міндетті

  • • CSS, JavaScript және media файлдары салыстырмалы жолдармен ашылуы керек.
  • • Атқарылатын және серверлік файлдар (.exe, .sh, .php және т.б.) қабылданбайды.
  • • Ойын бөлек origin-дегі оқшауланған iframe ішінде іске қосылады.

3. Кабинетте жариялаңыз

  1. 1Жаңа ойын жасаңыз және каталог бетін толтырыңыз.
  2. 2ZIP билдін жүктеп, браузерде «Тексеру» сілтемесімен ашыңыз.
  3. 3Мұқаба мен қажет скриншоттарды қосыңыз.
  4. 4Шолу бетінде тексеру тізімі дайын болғанда «Модерацияға жіберу» батырмасын басыңыз.

Сақтау немесе файл жүктеу модерацияны автоматты бастамайды. Өзгерістер draft ретінде қалады және тек жіберу батырмасынан кейін кезекке түседі.

Жаңа ойын жасауSDK қажет пе?Unity нұсқаулығы
Ойынды жариялау · SAQA